(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІ...

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 354 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрі

 

С. Нурбек

 

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрі

2024 жылғы 18 шілдедегі

№ 354 бұйрығымен

бекітілген

 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.